Қайрат Бақытжан Қайратұлы — қазақ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2010-2014 жж. биология факультетінде «Клеткалық және молекулалық биотехнология» мамандануы бойынша бакалавриатты, 2014-2016 жж. «Қолданбалы биофизика және физиология» мамандануы бойынша магистратураны аяқтады, "Техника және технологиялар бакалавры" және "Педагогика ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежелері берілді. 2019-2022 жж. "8D05101 - Биология" мамандығы бойынша PhD докторантурасын өтіп, 2025 жылы "Гиппокамптың нейрондық желесінің қозуын бақылауда тежегіш нейрондардың кальций-өткізуші каинатты және АМРА рецепторларының рөлі" тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (Ph.D.) ғылыми дәрежесін алды. Ғылыми жетекшілері: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Төлеуханов С.Т. және б.ғ.д., профессор Зинченко В.П. Еңбек жолы 2012 жылы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология мәселелері және Экология мәселелері ҒЗИ-да лаборанттан кіші ғылыми қызметкерге дейін басталып, 2015-2020 жж. «ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы» журналының техникалық хатшысы болды. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚазҰУ-дың биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. Оның жетекшілігімен «Биология» және «Биомедицина» мамандықтары бойынша 10-нан астам бакалавриат диплом жұмысы қорғалды. Қайрат Бақытжан Қайратұлы — «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Үздік жас ғалымы». Ол ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА-ның «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыты бойынша жас ғалымдар жұмыс тобының мүшесі, әрі кафедрадағы Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) және Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) төрағасы. Оның ғылыми- зерттеу қызметі қазіргі заманғы биология мен биотехнологияның өзекті бағыттарымен байланысты. 120-дан астам ғылыми еңбек жариялаған, оның ішінде Web of Science және Scopus деректер базасында 8 мақаласы бар (дәйексөз саны – 12, h-индекс – 2). Сондай-ақ ҚР журналдарында 40-тан астам мақаласы және конференция материалдарында 30-дан астам жарияланымы бар. Зерттеу нәтижелерін 35 халықаралық конференцияда баяндады. «Экологиялық биофизика» (қазақ тілінде) және «Биофизика бойынша тест жинағы» (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) оқу құралдарының авторы. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және латын тілдерін меңгерген.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
4
құжаттар
1